2024 жылы мемлекеттік қолдау алған 129 қазақстандық компания жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын экспорттық міндеттемесін толық орындады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Парламент отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, аталған компаниялар 6,3 млрд теңге көлемінде қолдау алған. Бұл – шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған нақты механизмдердің нәтижесі.
Министрдің мәліметінше, 2023 жылы шикізаттық емес экспорт көлемі $40,6 млрд болып, жоспардан $3 млрд-қа артық орындалған. Соңғы үш жылда 780-нен астам жаңа экспорттаушы шетелге өнім шығара бастаған.
2024 жылы жасалған экспорттық келісімшарттардың жалпы құны – $1,3 млрд.