homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек министрлігіне сыртқы бақылау күшейеді: жаңа кеңес жұмысын бастады

28.06.2025, 11:05

Қазақстанда әлеуметтік саладағы реформаларға енді тәуелсіз сарапшылар бақылау жасайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрылған Сараптамалық кеңес алғашқы отырысын өткізді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кеңес жаңа бастамаларға баға беріп, министрліктің шешімдеріне кәсіби ұсыныс пен кері байланыс беретін орган ретінде жұмыс істейді. Оның құрамына денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар, кәсіподақ және жұмыс берушілер өкілдері кірген. БҰҰ жанындағы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің басшысы Әлихан Байменов тұрақты төраға болып белгіленді.

Министр Светлана Жақыпова кеңестің жұмысы қоғаммен сенімді диалог құру үшін маңызды екенін айтты. Жиында ведомство отбасылардың әл-ауқатын бағалау үшін қолданылатын скоринг үлгісін және цифрлық платформа арқылы қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны таныстырды.

Кеңес отырыстары ай сайын өтетін болады.