homepage
Фото: t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

Су ұрлығына қарсы күреске құқық қорғау органдарын тарту ұсынылды

27.06.2025, 12:18

Судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күресті күшейту үшін құқық қорғау органдарын тікелей тарту ұсынылды. Бұл бастаманы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов көтерді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, кейбір шаруашылықтар келісімшартсыз су алып, егін құрылымын рұқсатсыз өзгертіп отыр. Мұндай заңбұзушылықтар су тапшылығы мен әділетсіз бөлуге себеп болып отыр.

10 маусымнан бастап суармалы суды пайдалану ережелері күшіне енді. Енді келісімшартсыз су алғандар — тарифтің екі есесін, ал дақылды рұқсатсыз ауыстырғандар — бір жарым еселік айыппұл төлейді.

Су ресурстары министрлігі заңбұзушыларды анықтау үшін тұрақты мониторинг енгізіп, тексеру топтарының жұмысына құқық қорғау органдарын да тартуды ұсынды.