homepage
Фото: t.me/saudagovkz

Павлодарда жол сапасына жалған қорытынды берген зертхана әшкереленді

27.06.2025, 11:35

Павлодарда жол құрылысына пайдаланылатын асфальтбетон қоспасына жалған сынақ хаттамасы берілгені анықталды. Заң бұзғаны үшін сараптама ұйымына 2,3 млн теңге айыппұл салынып, аккредиттеу аттестаты 6 айға тоқтатылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Техникалық реттеу комитетінің жоспардан тыс тексеруі кезінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының сынама іріктемей, зертханалық тексеру жүргізбестен қорытынды бергені белгілі болды. Құжаттар дұрыс емес деректермен толтырылған және материалдық сыйақы үшін рәсімделген.

Бұндай фактілер жол сапасына жауапты жүйелердің ашықтығы мен бақылау тетіктерін қайта қарауды қажет ететінін көрсетеді.