homepage
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Құрылыс сапасына көңілі толмаған тұтынушыларға 86 млн теңге қайтарылды

26.06.2025, 16:17

2025 жылдың басынан бері еліміздің бірнеше өңірінде тұрғын үй сапасына байланысты дау туындап, 19 тұтынушыға жалпы сомасы 86,4 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы Juzmedia.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, қайтарылған қаржының басым бөлігі Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы тұрғын үй құрылысына қатысты резонанстық істерге тиесілі. Мәселен, Алматыда пәтер қабылдау кезінде құрылыс ақаулары, шу оқшаулаудың нашарлығы сияқты елеулі кемшіліктер анықталып, тұтынушыға 25,9 млн теңге қайтарылған. Шымкентте келісімшарт талабына сай келмейтін пәтер үшін 27 млн теңге, ал Қарағандыда мерзімі бұзылған пәтерге байланысты 33,5 млн теңге көлемінде өтем қамтамасыз етілген.

Комитет құрылыс саласындағы тұтынушылар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. 2024–2025 жылдары осы тектес істер бойынша жалпы 481,2 млн теңге қайтарылған.

Теги: