Respublica партиясының тең төрағасы болған Руслан Берденов бұл лауазымды атқармайтыны белгілі болды. Ақпаратты партияның баспасөз қызметі телефон арқылы растады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Саясаткердің қызметтен кету себебі ресми түрде түсіндірілген жоқ.
Руслан Берденов – бұрынғы Мәжіліс депутаты, 2025 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сәуір айында ол қарулы шабуылға ұшырап, жарақат алған болатын. Оқиғадан кейін ол көпшілік алдына шықпаған.