homepage
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда техникалық мамандықтарға грант саны артты

26.06.2025, 09:44

25 маусымнан бастап елімізде колледждерге құжат қабылдау науқаны басталды. 2025–2026 жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 150 мың грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.

Гранттар саны әсіресе геология, машина жасау, энергетика, ақпараттық технологиялар, металлургия және көлік салалары бойынша көбейген. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты жасалған шешім.

Талапкерлер құжаттарын электронды үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледждерге барып тапсыра алады. Бір уақытта 4 колледж бен 4 мамандықты таңдауға мүмкіндік бар.

Құжат қабылдау 22 тамызға дейін жалғасады. Ал шығармашылық, педагогикалық және медициналық бағыттарға түсетіндер үшін жеке қабылдау мерзімі мен талаптар белгіленген.