homepage
Фото: Zerdeli.kz

ҰБТ-дан 140 балл алған оқушыға көлік сыйланды

25.06.2025, 20:43

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған түлекке білім беру орталығының басшылығы көлік сыйлады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жоғары нәтиже көрсеткен Жанайым Рашит есімді оқушы «Зерделі» білім беру орталығының шәкірті.

Орталық өкілдерінің хабарлауынша, шәкірттің еңбегі мен табандылығы ескеріліп, оны марапаттау мақсатында Zeekr маркалы автокөлік берілген.

ҰБТ-ның ең жоғары шегіне жеткен түлек бүгінде еліміздегі үздік бітірушілердің қатарына енді.

Теги: