Мәжілісте қаралған жаңа заң жобасында тұтынушыға зиян келтіретін шарттарды жарамсыз деп тану ұсынылды. Енді авиабилетті немесе туристік қызметті қайтаруға шектеу қою – заңсыз деп есептелуі мүмкін деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сауда және интеграция министрлігі таныстырған құжатта билетті толық қайтармау, қосымша қызметті мәжбүрлеп таңу, қолма-қол және картамен төлеудегі баға айырмасын қолдану сияқты тәжірибелерге тыйым салу көзделген.
Жаңа нормалар көлік, туризм, байланыс, коммуналдық және медициналық қызметтер сынды негізгі салаларға таралады. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл бастама тұтынушы мүддесін қорғап, әділетсіз шарттардың алдын алуға бағытталған. Депутаттар заң жобасын қолдады.