Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіден жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүліктік активтерді мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, шамамен 1,5 млрд теңге заңсыз жолмен алынған қаржыға Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автокөліктер, пәтерлер, тұрғын үйлер мен жер учаскелері сатып алынған. Бірқатар нысан жұбайының атына рәсімделген.
Қаржылық тексеріс барысында қосымша 1,7 млн АҚШ доллары (872 млн теңге) және 47 млн теңге көлеміндегі қаражат күдікті мен оның жұбайының банк шоттарынан табылған. Олардың ресми табысына сәйкеспейтін бұл активтер де заңсыз деп танылып, 16 маусымдағы сот қаулысымен мемлекет кірісіне тәркіленді.