homepage
Фото: juzmedia.kz

Павлодарда әлеуметтік инспекторлар 341 әкімшілік құқықбұзушылық анықтады

23.06.2025, 16:18

2025 жылдың басынан бері Павлодар облысында әлеуметтік инспекторлар 430 тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 341 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Салынған айыппұл сомасы – 28,8 миллион теңгеден асты деп хабарлайды Juzmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, тексерулердің 201-і – жоспардан тыс, 130-ы – прокуратура талабы бойынша, 99-ы – профилактикалық мақсатта өткен. Нәтижесінде 192 ұйғарым шығарылып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген.

Тексерулер мектептер мен балабақшалардан бастап, аурухана, спорт кешендері, сауда орындары, теміржол вокзалы, қонақүйлер мен банктерге дейінгі 400-ден астам мекемені қамтыған.

Айта кетерлігі, жеке азаматтың шағымы негізінде облыстық жұмыспен қамту басқармасына қатысты да жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Комиссия қабылдау тәртібін сақтамаған және әлеуметтік қызметтер порталындағы тіркеу процесінде заңбұзушылықтар анықталған.