СТАНЦИЯ ҚАЙДА ОРНАЛАСАДЫ
Су электр станциясы Қазақстанның шығысындағы Ертіс өзенінде орналасады.
Бүгін Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады.
ҚАНДАЙ КОМПАНИЯ САЛАДЫ
Су электр станциясын Nebras Power компаниясы салмақ.
Nebras Power - штаб-пәтері Дохада орналасқан ең ірі энергетикалық және инвестициялық компания.
СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ
Су электр станциясы - баламалы энергия көздерінің бірі. Жел мен күн секілді су да – электр қуатын өндіретін ресурс.
Қазір Қазақстанда 40-қа жуық су электр станциясы бар. Елде өндірілетін энергияның 12,5 пайызы су электр станцияларынан шығады. Қазақстанның гидроресурстарының басым бөлігі – шығыс пен оңтүстік-шығыс өңірде. Елдегі ең ірі су электр станциялары – төртеу: Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен, Қапшағай.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.