Сенат отырысында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан Ақжарқын Тұрлыбайдың қайда екенін және Қазақстан билігі оның отанына оралуына қол жеткізе ала ма деп сұрады.
«Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне келсек, біз Қазақстан азаматын Қытайдан қайтару үшін бар күшімізді салып жатырмыз, жақын арада шешіледі деп сенемін, жұмыс тоқтаған жоқ, бұл - оңай шаруа емес», - деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.
Ол Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдан жазасын елде өтегісі келетіні туралы арыз түскенін айтты.
"Ол елге келіп, жазасын өтегісі келеді. Ол адвокатымен байланыста", - деп қосты ол.
Сәуір айында желіде Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы қауесет тараған болатын. Бас прокуратура бұл ақпаратты растаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік: 2014 жылы қазақ студенті Ақжарқын Тұрлыбай Алматыдан Қытайға аттанған болатын. Оның айтуынша, таныстары, оның ішінде Нигерия азаматы оған Гуанчжоудан Малайзияға фирмалық заттарды тасымалдауд ұсынған. Бойжеткен Гуанчжоудан кетіп бара жатқанда ұсталып, сөмкесінен есірткі табылған.
2015 жылдың маусым айында Гуандун соты Тұрлыбайды есірткі контрабандасы үшін айыптап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
2021 жылы Қытай Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартты.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.