homepage
Фото: @xcialem

Қазақстандық модель Вероника Жанғалова Armani жарнамасына түсті

14.06.2025, 17:05

Қазақстандық модель Вероника Жанғалова әлемге әйгілі Giorgio Armani бренді ұсынған Armani Privé хош иістері топтамасының жарнамасына түсті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жарнамалық фотосуреттер 3,4 миллион оқырманы бар Armanibeauty-дің ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, Вероника Жанғалова — танымал 91 тобының мүшесі, әнші Alem (Батырхан Маликовтың) жұбайы.

Теги: