homepage
Фото: juzmedia.kz

Иран-Израиль соғысына қатысты Қазақстан СІМ-і мәлімдеме жасады

13.06.2025, 13:44

Оңтүстік-Батыс Азиядағы дүрбелең бүкіл әлем көз тіккен нүктеге айналды. Осы Иран-Израиль соғысына қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесі жасады деп хабарлады Juzmedia.kz.

“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды.

Қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырамыз” – делінген мәлімдемеде.