homepage
Фото: uht.davinchi-rk.ru

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 236 мыңнан асты

11.06.2025, 05:31

2024 жылы Қазақстанда қатерлі ісіктің 41 292 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл – соңғы 10 жылдағы орташа көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары. Бұл туралы Қазақ онкология институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бүгінде елімізде 236 624 онкологиялық науқас диспансерлік бақылауда тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Науқастардың 55%-дан астамы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Скрининг арқылы жыл сайын 2,8 миллионға жуық адам тексеріледі. 2024 жылғы нәтижелерге сәйкес, обырдың 2 842 жағдайы (0,10%) және қатерсіз немесе ісікке дейінгі 237 130 ауру (8,3%) анықталған.

Теги: