homepage
Фото: UKIMET

Елге келген турист кеткенге дейін қауіпсіздікте болуы тиіс – Премьер-министр

10.06.2025, 11:58

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елге келген әрбір туристің сапары басталған сәттен елден кеткенге дейін толық қауіпсіз әрі жайлы өтуі тиіс екенін қатаң атап өтті. Ол туристер жиі баратын орындарда қызмет көрсету сапасын арттыру мен қауіпсіздікті күшейту – басты міндет екенін айтты деп хабарлайды Juzmediz.kz.

«Қонақүйлерде де, туристік нысандарда да қауіпсіздік пен қызмет сапасы жоғары болуы керек. Турист келген сәттен бастап, сапарының әр кезеңінде – елден шыққанға дейін – өзін жайлы сезінуі қажет», – деді Премьер-министр.

Бектеновтың айтуынша, туристік өнімдер нақты туристік топтарға бейімделуі тиіс. Әсіресе шекаралас өңірлерден келетін туристерге қолайлы жағдай жасау маңызды. Бұл ретте тек шағын және орта бизнеске ғана емес, цифрлық шешімдерге де жүктелетін міндет көп.

Ол туристік локацияларда сапалы ұялы байланыс пен интернет қолжетімді болуын, баға саясатының да әділ әрі түсінікті болуын тапсырды.

Премьер-министр бұл жұмысты Туризм, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері мен өңірлік әкімдіктер бірлесіп жүргізуі қажет екенін атап өтті.

«Әсіресе, таулы және қауіп деңгейі жоғары аймақтарда туристердің қауіпсіздігіне баса мән берілуі тиіс. Қажетті құрал-жабдықтар түгенделіп, қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек», – деді Бектенов.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.