Қазақстанда жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту үшін жаңа жүйе енгізіледі. Енді әр кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігіне байланысты цифрлық профилі жасалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды juzmedia.kz.
Бұл жүйе арқылы мынадай жұмыстар жеңілдейді:
– жұмыс орнында қандай қауіп бар екенін алдын ала көруге болады;
– қызметкерлерге қорғаныс құралдарының беріліп-берілмегені бақыланады;
– зиянды жағдайда істейтіндерге өтемақы мен жеңілдіктер дұрыс берілуі қадағаланады.
Яғни, «Цифрлық кәсіпорын картасы» кәсіпорындағы еңбек жағдайы туралы толық ақпарат беріп тұрады. Бұл мамандарға проблеманы ерте анықтап, тез шешуге көмектеседі.