2025 жылғы егіс науқаны елімізде жоспарланған көлемге толық сәйкес аяқталды. Биыл картоп 83,4 мың гектар жерге егілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 мың гектарға артық. Бұл туралы juzmedia.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Шаруаларды ерте қаржыландырудың арқасында фермерлер науқанға алдын ала дайындалды. Егіс жұмыстары мерзімінде және агротехникалық талаптарға сай жүргізілді.
Министрлік дақылдарды әртараптандыру арқылы нарықтағы бағаны тұрақтандыру көзделіп отырғанын айтады. Картоппен қатар, көкөніс-бақша дақылдарының көлемі де артқан – 222,3 мың гектар.
Алайда өнім көлемінің артуы баға төмендейді деген сөз емес. Оның нақты әсері күзде, өнім жиналып, нарыққа түскен кезде белгілі болады.
Экономистердің айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз етуге арналған көлем жеткілікті. Егер ауа райы қолайлы болып, өнім сапасы жақсы болса, биылғы картоптың бағасы өткен жылмен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.