2025–2026 оқу жылына жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер үшін негізгі кезеңдердің күнтізбесі белгілі болды. Бұл туралы juzmedia.kz порталы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҰБТ: Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 7 шілде аралығында өтеді.
Құжат қабылдау: Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 20 маусымда басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.
Арнайы емтихандар:
«Педагогикалық ғылымдар» мен «Денсаулық сақтау» бағыттарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым – 20 тамыз аралығында өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін бұл сынақтан 20 шілдеге дейін өту қажет.
Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусым – 10 тамыз аралығында қабылданады (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін).
Емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді (конкурсқа қатысу мерзімі – 20 шілдеге дейін).
Грант конкурсы: Білім гранттары конкурсына өтініштер 13–20 шілде аралығында қабылданады.
Нәтиже: Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Қосымша ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттары мен әлеуметтік парақшаларынан алуға болады.