homepage
Фото: СДД

Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль алды

07.06.2025, 08:45

Спорттық гимнастикадан Чечхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында ұлттық құраманың көшбасшысы Милад Карими жүлдегерлер қатарына кірді. Бұл туралы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

?Еркін жаттығу.

??? Карлос Эдриэль Юло (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 14.600 ұпай
??? Милад Карими - 14.400
??? Мун Гён Ён - 14.033
4️⃣?? Дмитрий Патанин - 13.833

Еске сала кетейік, 2024 жылы Өзбекстан астанасында өткен сары құрлық чемпионатында да еркін жаттығуда Карлос Юло топ жарып, Милад күміс медаль олжалаған.