Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң қабылданды.
Кіріс 2025 жылы – 15,6 трлн теңге, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге, 2027 жылы – 18,2 трлн теңге болады деп болжанып жатыр. Шығындар сәйкесінше 25,8 трлн, 23,2 трлн және 24,6 трлн теңге болмақ. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің көлемі жылына 2 триллион теңге болмақ.
«2025 жылға түсімдер осы жылмен салыстырғанда 1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып, 21,7 трлн теңге деңгейінде болжанды. 2025 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7 % деңгейінде ескерілген, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,9%-ға дейін төмендейді. Бюджеттің 2025 жылға арналған бюджет тапшылығын ескере отырып, 25,8 трлн теңгені құрайды, яғни биылмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып отыр. Заң жобасын талқылау барысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді. Оның ішінде, халықты таза сумен қамтамасыз етуге, жылу әрі электр энергетикасын, көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға қосымша шығыстар көзделген. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналықе қызметтер көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге арналған шығыстар қарастырылған», - деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.