homepage
Фото: @t.me/oqu_agartu

Биыл 3,2 млн бала лагерьмен қамтылады

05.06.2025, 03:57

Қазақстанда жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бұл науқан аясында ел бойынша 3,2 миллионнан астам бала лагерьмен қамтылады.

Жазғы тынығу маусымында 10 мыңнан астам лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде 198-і – маусымдық сауықтыру орталықтары, қалғаны – мектеп жанындағы лагерьлер. Ал әлеуметтік осал санаттағы 500 мыңнан астам бала тегін жолдамамен қамтылады. Сондай-ақ "Қазақстан халқына" қоры арқылы ауылдық жерден шыққан олимпиада жеңімпаздарына арналған 10 мың жолдама қарастырылған.

Министрлік демалыс орындарындағы қауіпсіздік пен санитарлық нормаларды күшейткенін хабарлады. Сауықтыру орталықтарының бірыңғай тізілімі жасалып, жаңа алгоритм енгізілген. Сонымен қатар лагерь жұмысына қатысты арыз-шағым қабылдайтын 20 жедел желі іске қосылған.