homepage
Фото: olympic.kz

Банктер шайқасы: Kaspi-дің иесі Jusan-ды бақылауға алды

03.06.2025, 07:10

Қазақстан қаржы нарығындағы ірі ойыншылардың бірі — кәсіпкер Вячеслав Ким First Heartland Jusan Bank-тің (жақында «Alatau City Bank» деп өзгермек) ірі қатысушысы мәртебесін ресми түрде иеленді. Бұл туралы Jusan Bank баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, тиісті қаулы қабылданып, Кимге банк капиталына ірі қатысушы ретінде кіруге рұқсат берілген.

Бұған дейін Jusan Bank атауын өзгертіп, жаңа стратегиямен жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын.

Сарапшылар бұл өзгерістерді Қазақстандағы банк нарығындағы ықпал мен бәсекелестіктің жаңа кезеңі ретінде бағалауда.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, Вячеслав Ким — Қазақстандағы ең бай бизнесмен. Оның байлығы 2025 жылы 7,1 млрд долларды құрап, Kaspi.kz акцияларының өсуімен қатар артты. Кәсіпкер Kaspi.kz-тің негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.