Министрліктің мәліметінше, су «Ойық» гидроторабы арқылы экологиялық мақсатта жіберілген. Нәтижесінде Қаракөлмен қатар Сұлукөл көліне де су жетіп, Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдар суланған.
Ведомствоның дерегінше, бастапқыда 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған, алайда сәуір айының ортасына қарай бұл көлем 315 млн текше метрге жеткен.
30 мамыр күні министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалының мамандары тексеріс жүргізіп, судың белгіленген аймақтарға жеткенін растады.
Министрлік бұл жұмыстар суару маусымы басталмай тұрып жүргізілгенін атап өтті. Жергілікті тұрғындар жағдайды оң бағалап отыр.