homepage
Фото: Bobek.kz

Сара Назарбаева неден ауырды?

03.06.2025, 05:25

Ұзақ уақыттан бері медиаалаңнан үнсіз кетіп, енді ауыр халде жатыр деген Сара Қонақайдың жағдайы көпшілікті алаңдатып отыр. Оның медициналық диагнозы, ем-домы жеке ақпараттық құпияға жатады. Бірақ Алпысқызының бойында физикалық науқастан бөлек те дерт бар, ол – рухани кесел дейді қоғам белсендісі, жазушы Бейбіт Сапаралы. Ол бұл туралы Sadaq Media арнасындағы сұхбатында айтып берді.

«Үстінен мұздай су құйып, ауру тапты»

Бейбіт Сапаралы тоқсаныншы жылдары Назарбаевтар әулетіне жақын болды, сол жылдардағы Сара Алпысқызының өмір салтынан да хабардар. Ол Қазақстанның бірінші ханымы өзгелерге жаны ашитын, қамқор жан болғанын растайды. Бірақ өзіне де, өзгелерге де зиян тигізетін әрекеттерге барғанын айтады.

«Оның ауруына себеп болғаны – суға шомылуы. Таңертең мұздай суға шомылатынды шығарды. Украинадағы емші деген шалдың сөзіне сеніп, таңертең тұрып тастай суға түсетін. Белгілі бір жастан бастап ол денсаулығына пайдалы болған жоқ. Тіпті Елбасына да соны жасатты. 95-96 жылдары еді. Ал тас төбеңнен тастай суық су құйған ғұсылға жатпайды, ол денсаулыққа зиян, кесел жинайды», - дейді Бейбіт Сапаралы.

Осы әдеті Сара Алпысқызының ауыр науқасқа шалдығуына себеп болған көрінеді. Тіпті оны өзі ғана емес, жанындағы адамдарға да үйрете бастаған.

«Сонымен қоймай, нұсқаулықтар шығарып, тарқатып, жетім балалар үйі, Қазақстан әскерлеріне тарата бастады. Әскерлер басына су құйса, күшті болады, денсаулығы мықты болады деді. Тоқсаныншы жылдардың ортасында болғандар бұл туралы біледі», - дейді жазушы.

Сара Алпысқызына қиянат жасалды ма?

Бірақ кеселі бұл ғана емес. Осы әдеттің жолында жүріп Сара Алпысқызы рухани кесел тапқан екен-мыс.

«Екіншіден, (суға түскендегі – ред.) сенің мақсатың не? Ол Алла маған ем бер деп тұрған жоқ, ол әлгі үйреткен украиналық шалдың атын атап тұр. Ол ширк қосып тұр» , - деп түсіндірді Бейбіт Сапаралы.

Жүргізушінің Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйел алып, басқа отбасы құруы Сара Назарбаеваға жасаған қиянат емес пе деп сұрады. Жазушы «ол қиянат емес, өздерінің отбасы болып қалыптасқан дәстүрі солай» деп жауап қатты.

Сара Алпысқызы – Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері болған тұңғыш және әзірге, жалғыз бірінші ханым. Ол соңғы жылдары ұзақ уақыт көпшілік алдына шықпай кетті. Тек осы көктемде оның ауыр халде Ұлттық госпитальде емделіп жатқаны белгілі болды.

Мамырда Сара Алпысқызы ем алып жатқан Ұлттық госпиталь маңайында күзет күшейді, полиция қызметкерлері жүрді. Тіпті БАҚ арасында экс-бірінш ханымның қайтыс болғаны туралы хабар тарады.

Кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ол ақпаратты жоққа шығарды.