homepage
Фото: видеодан алынды

Шерзат соты: Шынасылдың адвокаты судья Жанұзақовтың үстінен шағым түсірген

Juzmedia. kz
28.05.2025, 11:49

Бүгін, 28 мамырда өткен Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Соттың түстен кейінгі отырысы басталған жоқ.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды», - деп хабарлайды Жоғарғы сот.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.