homepage
Фото: istockphoto.com

Астанада жасөспірімнен 20 млн теңге талап еткен 4 адам 10 жылға сотталды

Juzmedia. kz
27.05.2025, 12:52

Сот үкімімен кәмелетке толмаған баладан ақша қорқытып алғаны үшін төрт адам сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен.

“Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған. Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған”, – делінген ақпаратта.

 Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді.

 Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

 Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

 Үкім заңды күшіне енді.