homepage
Фото: видеодан алынды

Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнына қойылды

Juzmedia. kz
26.05.2025, 09:43

Астанада орнынан алынған Кенесары ханның ескерткіші қайта қойылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ерлан Карин ескерткіш алынған кезде енді қайтып қойылмайтыны туралы жалған ақпарат тарағанын сөз етіп, шын мәнінде ескерткішке жөндеу қажет болғанын айтты. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның биіктігі ұзартылған.

“Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде”, – деп жазды ол.

Астанадағы Есіл өзенінің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткішін 2023 жылы орнынан алынған болатын.