ОТБАСЫЛАРДА ЖАНЖАЛ КӨБЕЙДІ НЕ АДАМДАР ҚОРЫҚПАЙ ШАҒЫМДАНА БАСТАДЫ
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық салада 1,6 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 2,8 есеге көп.
Салыстырсақ, өткен жылдың қаңтар–тамыз айларында барлығы 578 осындай құқық бұзушылық тіркелді.
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚАЙ ӨҢІРДЕ ЖИІ ТІРКЕЛЕДІ?
Өңірлік бөліністе отбасы-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 56 жағдай тіркелсе, биыл 202 жағдай. Жылдық өсім - 3,6 есе.
Одан кейін Алматы (155 жағдай) мен Түркістан (135 жағдай). Алматыда зорлық-зомбылық бір жылда 7 есеге өскен.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең аз қылмыстық құқық бұзушылықтар Ұлытау (29 жағдай), Абай (35 жағдай) және Солтүстік Қазақстан (42 жағдай) облыстарында тіркелді.
Биыл қылмыстық құқық бұзушылықтар санының өсуі еліміздің барлық өңірінде байқалады. Бұл заңдағы өзгерістерге байланысты.
ЕҢ КӨП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР: АДАМ ӨЛІМІ, ЗОРЛАУ
Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлерінің арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (186 жағдай), кісі өлтіру (74 жағдай), зорлау (27 жағдай) және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық (27 жағдай) болды.