48 жасында қазақстандық спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден озды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.
Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі;
«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
2010 - 2012 жж.– «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауға іссапармен келген журналист миына қан құйылып, комаға түскені жайлы хабарланған болатын.