homepage

"Алматының түндері-ай" хитінің авторы дүниеден озды

28.10.2024, 12:53

Ақын 1 жыл бұрын ауыр халде жатқаны туралы ақпарат таралған еді. Оған күрделі операция жасалған. Бұл жайында ақынның өзі әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

«Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен... Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы. 

Сазегрдің қызы әлеуметтік желіде көңіл айтып жатқандарға алғыс білдірді.

“"Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет", - деп жазды қызы.

Құрманай Бахтиярқызы Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылында дүниеге келген. Қайрат Нұртастың орындауындағы "Алматының түндері-ай" әнінің жазылу тарихы туралы медиаға берген сұқбатында былай дейді: 

"Гүлзира Айдарбекова таңғы сағат 5-те сөз жазып берші деп өтінді. Таңертең жазып берейін дегеніме келіспеді. Жатып алып ұйықтап кетіп отырдым. Ояна сала жалғастырып жаздым. Бұл ән осылай таң арайлап атқанша жазылып бітті", - деген болатын. 

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.