Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстан спорт комитеті хабарлады.
“Спортшымыз Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсетіп алтын медаль жеңіп алды. Ұпайы - 28.150. Айботаның бапкері - Панченко Екатерина Ивановна, хореографы - Оспанбаев Чингис Асетович. Айым Мейіржанова 27.000 ұпай жинап 4-орынға тұрақтады”, – делінген ақпаратта.