homepage
Фото: әлеуметтік желіден алынды

"Хутор" деген қылмыстық топ бар ма": адвокат сұрақ қойды

Juzmedia. kz
16.05.2025, 12:09

Сотталушы Нұрқияс Ілиясов мылтықтың сабымен Нұрқанат Ғайыпбаевты ұрғанын мойындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Мен мылтықты Ғайыпбаевтың қолынан тартып алдым да, оны мылтықтың сабымен ұрдым. Өйткені ол бірінші оқты ауаға атты,  екінші оқты біз жаққа,  ал үшінші оқты мылтыққа көз алдымда салды», — деді Ілиясов. 

Адвокат Мейірман Шекеев сотталушының әлеуметтік желідегі парақшасында «Калашников» мылтығымен «Хутор»  деген жазба салғанын айтып, осындай қылмыстық топ бар ма деп сұрады. Сотталушы жауап беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазанда брифинг өткізіп, сол брифингте ондай қылмыстық топтың барын жоққа шығарды.