Елімізде 23 және 24 мамыр күндері ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген түлектер соңғы қоңырау күні ауысқандықтан, емтиханды басқа күндері тапсыратын болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
«Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамыр жексенбі күніне түсіп тұр.