Қазақстанда қыз алып қашқандар қатаң жазаланатын болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, айыппұлдан бөлек бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Ол қыз ұрлағандардың көбіне жазасыз қалатынын, мұндай оқиғалар негізінен елдің оңтүстік өңірлерінде жиі болатынын айтады
“Егер қыз 18 жасқа толмаса, немесе күш қолданса, не қылмыс топ болып жасалса, онда жаза қатаңдатылады, бес-жеті жылға дейін соттау қаралады. Үш жылда мәжбүрлі неке қию және ұрлау бойынша полицияға 214 шағым түскенімен, тек оны ғана сотқа жеткен. Көп жағдайда ешқандай шара қолданылмады, кінәлілер жазасыз қалған. Қалған 204 жағдайда істер қаралмай жабылған. Қыздар олардың ұрлағанын, көліктен секіріп кеткенін, күш қолданылғанын дәлелдесе де, ешқандай шара қолданбаған”, – деді Әбенов.
Депутаттың айтуынша, келесі аптада мәжілісмендер осы мәселені екінші оқылымда талқылайды.