homepage
Фото: AMANAT

Депутат Ерлан Саиров туралы жасанды интеллект шығарған өлеңді оқып берді

Juzmedia. kz
14.05.2025, 15:09

Мәжілістің жалпы отырысында «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатқанда депутат Жанарбек Әшімжан әріптесі Ерлан Саиров туралы ChatGPT арқылы өлең жаздыртты, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

«Қазір мен осында отырып, ChatGPT-ге «Ерлан Саиров туралы өлең керек. Ол – депутат, саясаткер. Шығыс Қазақстанның тумасы. Олигархтармен аяусыз күресіп жатыр» деп тапсырма бердім. Маған бес шумақ өлең жазып берді», – деді депутат.

Депутат өлеңнің бір шумағын оқып беріп, осындай мазмұндағы жасанды интеллект туындылары бүгінде әлеуметтік желіде қаптап кеткенін атап өтті.

Жанарбек Әшімжанов AI технологияларын қолдайтынын жеткізе отырып, шығармашылық салаларға төнуі мүмкін қауіптерге де алаңдаушылық білдірді.

«Жасанды интеллект туындыларында ешқандай авторлық құқық иесі жоқ. Технологиялық, коммуникациялық, инфрақұрылымдық тұрғыдан сөз жоқ керек. Ал енді шығармашылық тұлғалар, ақын, жазушылар, драматургтер қаптамай ма деген ой бар», – деді ол.