Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпаратқа сеніп қалғанын, бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды juzmedia.kz.
"Әлеуметтік желіні көмекші балалар жүргізеді. Мен пленарлық отырыста отырған кезде ақпаратты салып қойған екен. Артынша ресми ақпарат шыққаннан кейін өшірді. "Неге тексермейсіңдер?" деп сұрадым. Еліміздегі бірнеше ақпарат көзінің жаңалығын көрсетті. Сондықтан да ол жазбалар өшірілді. Менің тарапымнан, мен салды деп жататын адамдар болса, кешірім сұраймын. Өйткені бәрібір де адамның өлімі ғой. Әсіресе, жақындарына оңай болмайтыны анық", - деді ол.
Кейінірек тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұ, л ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.